name
Қазақстанда күн энергетикасы

Жоба жайлы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруда және “Жасыл көпір” серіктестік бағдарламасын институттандыруда қолдау көрсету» жобасы

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" жарлығы экономиканың белгілі салаларын реформалауға бағытталған негізгі басым міндеттерінің тізімін анықтады. Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" өтуі шеңберінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды арттыру, қолда бар инфрақұрылымды жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыру көзделуде.

Жоба «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруда және “Жасыл көпір”серіктестік бағдарламасын институттандыруда қолдау көрсету» «Жасыл экономиканың» күн энергетикасы, тұрақты балық шаруашылығы мен аквадақылдар бағыттарын дамытуына қажетті институционалды және заңнамалық негіздерін қалыптастыруға қолдауды көрсету негізінде, сонымен қатар «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасынның шеңберінде халықаралық қарым - қатынасты нығайту «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын нақты іске асыруға бағдарланған.

Жер бетіндегі жаңартылатын энергетиканың ең тиімді бағыттарының бірі ретінде күн энергетикасын дамыту болып табылады. Күн - жылытуға, электр және ыстық сумен қамтамасыз етуге керекті энергияға қажеттіліктердің орнын толтыруға мүмкіндік беретін, сарқылмайтын, экологиялық тұрақты және қол жетімді энергияның көзі.Көп мөлшердегі инсоляция, жыл ішіндегі ашық күндер санының көп болуы, Қазақстан территориясын әлем бойынша Күн энергетикасын дамытуға қолайлы аудандардың қатарына жатқызуға болады. Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыруды қабылдау негізінде жаңартылатын энергия көздерін толықмасштабты енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған мақсатқа жету, энергияның жанама көздерін дамытуға себеп болатын жаңа технологиялық процесстерді еңгізу, ақпаратпен қамтамасыздау және білім деңгейін жоғарылату қажет.