name
Қазақстанда күн энергетикасы

Жеке пайдалануға арналған электр энергиясын өндіру

Өнеркәсіптік ауқымда емес КЭС екі түрі бар – коммерциялық КЭС және тұрмыстық.

Коммерциялық КЭС кәсіпорындарға қуат жүйелерінен электр тұтынуды азайтуға көмектеседі, сондықтан салыстырмалы жоғары электр тарифтер кезінде ағымдағы шығындарды азайтады. Осындай КЭС қуаты 50-ден 200 кВт дейін диапазонында тұр. Осындай КЭС орналастыру үшін көп жер бөлу қажет емес - күн батареялардың панелдерін цехтар, қоймалар, машиналарға арналған бастырма (мысалы, «күн тұрақтары» сияқты) төбесінде орналастырылуға болады.

1-сурет. Amazon компаниясының қоймаларының үстіндегі  күн батареялары

2-сурет. SolarCarport « Күн тұрағы»

3-сурет. Күн батареяларынан жасалған бастырмасы бар жанармай құю бекеті

Тұрмыстық КЭС - қуаты аз жеке қондырғылар. Электр энергиясын тұтынуда ақшаны үнемдеу үшін, электр желілерінен толық немесе ішінара тәуелсіз болу үшін қолданылады. Бірқатар елдерде заңнамалық деңгейде желіге артық шығарылатын электр энергиясын сатуға болады. Негізінен тұрмыстық КЭС қондырғысын орнату үшін, ғимараттың шатырына орнатылатын панельдер қолданылады, тіркелген жүйенің немесе күнді қадағалайтын трекермен арнайы кронштейндегі бір панель орнатылады.  Тұрмыстық КЭС үшін, тұрақты тоқ қуатын айнымалы ток пен аккумуляторлық батареяларға түрлендіру үшін, жинақталған қуатты күңгіртте тұтыну мүмкіндігімен шағын-инверторлық станциялар пайдаланылады.

4-сурет. Үйдің төбесіне орналастырылған күн панельдері

5-сурет. Жеке үйлердің аулаларында орналастыру үшін арнайы кронштейндердегі күн панельдері

Қазіргі уақытта панельдердің жаңа түрлері әзірленуде. 2016 жылдың қазан айында әзірлемелердің бірін американдық TeslaMotors компаниясы ұсынды. Ұсынылған батареялардың түрлері үйдің төбесімен біріктіріледі және іс жүзінде көрінбейді. Осындай панельдерді сату төрт нұсқада ұсынылады деп болжануда: шифер тақтайшасында, тоскандық мәнердегі жабынқыш, текстуралы шыны және жылтыр шыны пленка.

6-сурет. Илон Масктың  кірістірілген күн панелдерін таныстыруы