name
Қазақстанда күн энергетикасы

Портативті электроника

Портативті электроника үшін, негізінен, монокристалды күн батареялары мен полимерлері күн батареялары қолданылады. Біріншісі - сағаттар, калькуляторлар, ұялы телефондарға арналған зарядтау құрылғылары, ноутбуктар және басқа мобильді жабдықтар сияқты портативті емес икемді құрылғыларда кеңінен қолданылады. Жиі мұндай зарядтау құрылғыларын жинақтау аккумуляторымен біріктіреді.

1-сурет. Кірістірілген күн батареясы бар Ақылды сағат

  

2-сурет. Күн батареясы                  3-сурет. PowerBank5 зарядтау
бар калькулятор                             құрылғысына біріктірілген күн батареясы

Полимерлі күн батареялары салыстырмалы түрде жаңа технология болып табылады. Мұндай батареялардың ПӘК-і кремнийдікінен 50-75% төмен болғанымен, полимерлі батареялар бірқатар артықшылықтарға ие: салмағы аз, жоғары икемді, өндірілуі арзан. Батареялардың бұл түрін жол жүру сөмкелерінде, жылжымалы туристік күн панелдерінде орналастырады, сондай-ақ киімге жұқа үлдірлі полимерлі батареяларды жабыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

                           

4-сурет. Жорық рюкзактарында              5-сурет. Күнделікті сөмкелерде полимерлі
полимерлі күн                                           күн батареяларын пайдалану
батареяларын пайдалану                        

6-сурет. Полимерлік элементтер негізіндегі туристтік жорық күн панельдері