name
Қазақстанда күн энергетикасы

Парабола-цилиндрлік концентраторлармен КЭС

Егер мұнаралық және тәрелке тәріздес  жылулық күн электр станциялары бір контурлық қондырғыларға жатқызылса (бу қабылдағыштардан тікелей турбогенераторға келіп түседі), онда парабола-цилиндрлік концентраторлармен электрстанциялар екі контурлы болып табылады. Мұндай типті электр станцияларында өз жылуын бу түзетін ортаға беретін жылу тасымалдағыш жұмыстық болып табылады.

1-сурет. Парабола-цилиндрлік концентраторлармен КЭС 

Құрылымдық жағынан бұл электр станциялары келесі түрде орындалған. Бетондық немесе металл тіректерінде ұзындығы ондаған, кейде жүздеген метр жүзе жуық парабола-цилиндрлік айналар орнатылған. Бұл параболоидтар күн сәулесінің мүмкін максимал энергиясын қабылдайтындай бағдарланған. Бұл параболалардың фокусында жарық жұтатын жабындысы бар түтікше орнатылады, оның бойымен жылу тасымалдағыш жүреді.