name
Қазақстанда күн энергетикасы

Мұнара және тәрелке тәріздес КЭС

Негізгі және кең таралған күн электр станция түрі – мұнаралық КЭС. Мұның таң қалдыратын жәйті жоқ, өйткені мұндай жоба идеясы үш жүз жыл бұрын ғалымдардың ойында болған, бірақ тек 1965 жылы ол іске асырылды. Біршама уақыт өткеннен кейін, мұндай құрылымды практика жүзінде дәлелдеуден кейін, күн электр станцияларын әлем бойынша тұрғыза бастады.

Мұндай  жоба негізін мұнара, гелиостаттар алаңы құрайды. Гелиостаттар алаңының ортасында мұнара орналасады. Мұнарада жылулық сәулелерді жұтатын арнайы резервуар және бөлінетін буды турбогенераторларға жіберетін сорғылар тобы орналастырылады.

Барлық гелиостаттар (қозғалмалы тірекке бекітілген кәдімгі айналар) компьютерлік позициялау жүйесімен өзара байланысқан, бұл мұнаралық күн электр станциясының өзегі болып табылады. Ол күнніңорналасуына байланысты барлық гелиостаттарды шағылысқан сәулелер резервуарына бағытталатындай бұрады.

1-сурет. Мұнаралық КЭС

Екінші нұсқа – әрбір айнаның фоксында орналасатын жеке қабылдағышы болады. Бұл қабылдағыш бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да сұйықтығы бар резервуар болып табылады. Қабылдағыштағы сұйықтық температурасы 1000°С жетуі мүмкін. 

Қабылдағыш электр энергиясын өндіретін кішігірім турбогенератормен байланыстырылады. Кішігірім коттедж, жазғы үй, қосалқы шаруашылық, тіпті бірнеше кішкентай үйлерді автономды электр қамту үшін осындай модульдердің біреуі жеткілікті. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, кішкентай елді мекендерді электр қамту үшін, мұндай типті электр станцияларын өнеркәсіптік масштабта қолдану үшін мұндай жүздеген, мыңдаған модульдер қосылады.

2-сурет. Тәрелке тәріздес КЭС