name
Қазақстанда күн энергетикасы

Күн электр энергиясын басқа салаларда қолдану

Күн энергиясын электр энергиясын түрлендіру үшін қолданудан басқа бұл энергия басқа салаларда да қолданылуы мүмкін.

Ең алдымен, бұл күн тұщыландыруы. Бұл бағыттағы бірінші қадамдар 1950-жылдары жасалды, бұл уақытта шөлдегі алшақ мекендер  және жағалау аймақтарында қарапайым күн дистилляторларын қолдану мүмкіндігі бойынша зерттеулер жүргізілді. Су сорғылары мен құбырлардың арзандығы, сондай-ақ ХХ ғасырда энергия көздерінің арзандауы бұл жобалардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. ХХІ ғасырдың басында берілген саладағы зерттеулерге қызығушылық қайта туындады. Бұл энергия тасығыштарға бағалардың өсуімен, артезиандық су қорларының азаюымен және қолданылатын су көздерінің ластануымен байланысты. 

Күн тұщыландырылуын бірнеше әдіспен іске асыруға болады: 

1. Кері осмос. Берілген әдіс суды әртүрлі қоспалар мен микроағзалардан диффузия көмегімен тазартуға негізделген. Бұл үшін судың ішінде белгілі бір қысым туғызады, ол ары қарай өткізгіш мембрана арқылы молекуланы ығыстырады, ал ірі бөлшектер және микроағзалар мембрана тесіктері арқылы өте алмайды. Суды үлкен көлемде тұщыландыру қажет болған жағдайда, сондай-ақ, электр энергиясына қол жеткізу қиындатылған мекенде бұл әдісті қолданған жөн.  Тұщыландыру процесін бастамалау үшін күн энергиясын электр немесе механикалық энергияға түрлендіру мүмкін.  

2. Булану және конденсация бойынша көп фазалы күн циклы. Күн тұщыландыруының бұл әдісі тік түтіндікте табиғи конвекцияға негізделген.   Конвекция процессі конденсатор-жылу алмасқыш арқылы су буының өтуін іске асыру мүмкіндігін береді (ол сонымен қатар, судың түсуін қамтамасыз етеді). Мұндай құрылымның арқасында келіп түсетін судың қыздырылуы жүреді, бұл барлық жүйенің жалпы жұмыс тиімділігінің артуына әкеледі.  

Күн тұщыландырудың әрбір әдісінің өз проблемалары бар.  Негізгі мәселе – жүйе тиімділігінің булану және конденсация аймақтарында температура айырмашылығынан тәуелділігіү булану аймағы максималды ыстық, ал конденсация аймағы максималды суық болуы тиіс. Аз шығынмен мұндай әсер алу қазіргі уақытта қиын. Екінші мәселе – су буының конденсациясы кезінде бөлінетін жылу утилизациясы, оны қолдануға да болады.  

Гелиотерапия — (грек тіл. helios –күн, therapia – емдеу) – күнмен емдеу – күннің тура сәулесін емдік және профилактикалық қолдану. Күн жарығы – ұзындығы әртүрлі және белгілі энергияға ие толқындар түрінде таралатын электрмагниттік сәулелену бөлігі. Ең көне медицина мектептері күн жарығының емдік күші туралы білген: Египет тұрғындары мен ассириялықтар, Ежелгі Грекия Олимпиада ойындарының қатысушылары күн ванналарын қабылдады, күннің емдік әсері туралы Гиппократ қолжазбаларында көп кездеседі. Жарықтың тірі ағзаға әсерін ғылыми зерттеу ХІХ ғ. Соңында басталды. Жарық терапиясы ғылым ретінде ағылшын ғалымдары Дж. Даун және Р. Блунттың  (1877) ультрафиолет сәулелерінің емдік қасиеттерін ашқан уақыттан басталады (тері ауруларын және рахитты емдеу). Алайда дат физиотерапевті Н. Финсен ең үлкен жетістіктерге жетті. «Медицина ғылымдарында жаңа елеулі мүмкіндіктер ашқан, ауруларды, әсіресе, қызыл жегін шоғырланған жарық сәулесінің көмегімен емдеуде қосқан үлесіне құрмет білдіру үшін», - Н.Финце  1903 жылы физиология және медицина саласында Нобель сыйлығын иеленді.