name
Қазақстанда күн энергетикасы

Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру үшін күн жарығын пайдалану

Күн жарығының көмегімен күндізгі уақытта бөлмелерді жарықтандыруға болады. Бұл мақсатта жарық құдықтары қолданылады. Жарық құдығының ең қарапайым түрі – қазақ үй төбесіндегі саңылау. Жарық шамдары терезесі жоқ ғимараттарды жарықтандыру үшін қолданылады: жерасты көлікжайлар, метро бекеттері, өнеркәсіптік ғимараттар,, қоймалар, түрмелер және т.б. Диаметрі 30 мм жарық құдықтары 8 м² ауданды жарықтандыра алады. Еуропа жағдайында бір құдық атмосфераға  7,4 тонна СО2 жылдық шығарылуын алдын-алуға мүмкіндік береді. Оптикалық талшықты  жарық құдықтары АШ 2004 жылы жасап шығарылды. Мұндай құдықтың жоғарғы бөлігінде параболалық коллекторлар қолданылады. Жарық құдықтарын қолдану электр энергиясы тұтынуын азайтуға мүмкіндік береді, ал қысқы уақытта ғимаратта жүретін адамдар үшін күн жарығының жетіспеушілігін төмендетеді.

1-сурет. Жарық құдығының жұмыс принципі

2-сурет. ALLUX жарық құдықтары

3-сурет. ALLUX жарық құдықтары