name
Қазақстанда күн энергетикасы

Келешегі бар бағыттар

Күн батаеряларының потенциалын қолдану бойынша американдық инженерлер қызықты жоба ұсынды. Indiegogo сайтында жарияланған бұл стартап аясында жол плиталары түрінде орындалған күн батареялары ұсынылады. Жобаға сәйкес, бұл жол плиталары түрінде орындалған арнайы икемделген күн батареялары, олардың артықшылықтар кешенін артық бағалау қиын. Оның атауы – Solar Roadways.

Жол күн батареялары ара кәрезі түрінде орындалады, арнайы темір-бетон қаңқаға орналастырылады. Плиталардың беті аса берік, жарық өткізгіш шыныдан жасалған. Жол төсемінің құрылымы 100 тоннаға дейінгі жүктемені көтеру мүмкіндігі бар. 

SolarRoadways жол төсемінің негізгі артықшылықтары:

Кез келген мекендерде қолданудың шексіз мүмкіндіктері.  Бұл трасса болсын, баскетбол алаңы немесе көлік қоятын жер болсын, SolarRoadways кез келген жағдайда, кез келген температура аралығында бірдей жақсы әрекет етеді.  Күн батареялары кез келген жағдайда энергияны жинауға және беруге қабілетті.

Жол күн батареяларының бірегей құрылымы қала бюджетін айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Әрбір SolarRoadways монтаждау блогы өз энергиясымен жұмыс жасайтын көптеген жарық диодтарымен жабдықталған. Ұяшықтың бағдарламаланатын салмасы күн батареясының бетіне кез келген сурет салуға мүмкіндік береді. Бұл – жол белгілері, мәтіндік ескерту жазбалары, ойын және спорт алаңдарының белгілері болып табылады.

Плиталардың беттері жүктемеге әрекет етеді  және қозғалып келе жатқан көліктің жылдамдығын анықтауға, оның жылдамдығының артуы немесе жолда бөгде объекттің болуы (мысалы, түнгі уақытта жолда ірі жануардың болуы)  туралы уақытылы ескертуге қабілетті.

Жол төсемін қыздыру. SolarRoadways қыздыру элементтері қарды ерітуге қабілетті және төсем бетінде мұз түзілуіне жол бермейді. Автокөлік түбінің жемірілуі туралы ұмытыңыз. Жолға шашу үшін қолданылатын химиялық заттар металдың жемірілу жылдамдығын арттырады. Енді олардың қажеттілігі жоқ.

Автокөліктерге арналған зарядтау құрылғысы. Еуропада энергия көзі ретінде электр қуаты қолданылатын электрмобильдер кең қолданылуда. Батарея қоры 300-500 км жол жүруге жетеді, одан кейін аккумуляторды қайта зарядтау қажет. Асфальттың орнына қолданылатын SolarRoadways күн батареялары  автокөлікті осы жолмен жүргізу кезінде зарядтауға мүмкіндік береді. Әлемде электрмагниттік индукция негізіндегі мұндай технологиялар бар.  

Интеллектуалдық басқару. SolarRoadways жолы жеке ұяшықтардың желісі болып табылады, олардың әрқайсысы орталық компьютермен байланысқан. Олардың біреуі істен шыққан жағдайда оның координаттары бақылау орталығына бірден беріледі және оны алмастыруға шебер жіберіледі. Ұяшықтарды алмастыру бір сағаттың ішінде жүргізіледі. 

Көптеген артықшылықтарына қарамастан, жобаның бірқатар кемшіліктері бар:

  • Өндірістің қымбаттылығы. Аналитиктердің болжауы бойынша, таза электр энергиясын өндіру және инженерлік желілерді төсеуге арналған бос кеңістікті қолдану мүмкіндігіне қарамастан, жобаның өтелімділігі айтарлықтай ұзақ. Жоба әзірше толық жетілдірілмеген және жеткілікті түрде оңтайландырылады деп үміттенеміз.
  • Мұндай деңгейдегі технологияларға қызмет көрсету қымбатқа түсуі мүмкін. Жөндеу жұмыстарын іске асыратын жұмысшылар штатын қамтамасыз ету тиімсіз болуы мүмкін. Өндірушілер жоғары сенімділік пен ұзақмерзімділікті қамтамасыз етуге уәде береді, бірақ жаңа төсем іс жүзінде қандай болатынын уақыт көрсетеді.
  • Зиянкестер. Мұндай жолдар қалай қорғалатыны да түсінікті емес,  SolarRoadways салыстырғанда кәдімгі асфальт ешкімді қызықтырмайды.

Екінші маңызды өндірме – Мичиган университетінің зерттеушілері ұсынған күн энергиясын жинауға қабілетті түссіз материал. Берілген панельдер үй, машина, смартфондар терезелерінің орнына қондырылуы мүмкін, мұндай панельдер түссіз және ПӘК жоғары. 2018 жылы мұндай күн модульдерінің түрі сериялық өндіріске түседі деген болжам бар. 

1-сурет. Терезе ойығына қондырылатын күн панельдері 

2-сурет. Түссіз күн модулі