name
Қазақстанда күн энергетикасы

Қалаларды жарықтандыру

Қазіргі уақытта нарықта күн панельдері қондырылған арнайы көше шамдарын (LED) жабдықтау бойынша ұсыныстар көп. 

1-сурет. Автономды көше жарықтандырылуы 

2-сурет. АКБ және күн панелі бар жарық диодты шам

Көшелік күн шамдарының негізгі мәні – арнайы күн элементтері күн энергиясын электр энергиясына айналдырады. Тізбек бойынша электр заряды аккумуляторға келіп түседі, мұнда ол белгілі деңгейге дейін жиналады. Күндіз жарықтандыру қажет емес, сондықтан күндізгі уақытта аккумулятор үздіксіз зарядталады, ал түнгі уақытта керісінше, көше жарықтандыруы жұмыс жасайды, бірақ сырттан энергия алмайды. Осылайша жылдар бойы жалғасады. Күн батареясы негізінде көше жарықтандыруы өз арсеналында арнайы конвекторды немесе басқаша айтқанда, аккумуляторды (батареяны) зарядтауға мүмкіндік беретін түрлендіргішті қолданады. 

Қараңғы уақыт мезгілінде жарықтылықты есептейтін арнайы бақылағыш конвекторды өшіріп, жарық диодты жарықтандыру элементін қосады, сәйкесінше, жарық уақыт мезгілінде бақылағыш жарықты өшіріп, батареяны зарядтау үшін конвекторды қосады. 

Шамдардың дәстүрлі емес қорек көзінің арқасында оларды электр желісін жүргізу мүмкін емес немесе қымбат жерлерде қолдану мүмкіндігі пайда болады.  Басты міндет – күн  элементіне жарық күннің 80% уақытында тұрақты түрде күн түсіп тұруы. Дәл осы себеппен, көше жарық шамдары биіктігі 6-12 метр құрылғыларда жинақталады. Ең жиі қолданылатын орындар: автомагистральдар, қала көшелерінің жарықтандырылуы, жағажай, жағалаулар, қаладан тыс үй алаңдарын жарықтандыру, уақытша құрылыс алаңдары, спорт құрылымдары, ғимараттарды жарықтау, паркті ландшафттарды жарықтау және т.б.