name
Қазақстанда күн энергетикасы

Ғарышта күн панельдерін қолдану

1-сурет. Халықаралық ғарыш станциясы

Тәжірбиелік күн электр энергиясының дәуірі осыдан алпыс жылдан аса басталды. 1954 жылы үш американдық ғалым кремний негізінде алынған алғашқы күн батареяларын ұсынды. Тегін электр энергиясын алу келешегін тез түсініп, әлемнің жетекші ғылыми орталықтары күн электр құрылғыларын шығару бойынша жұмыстарын бастады.  Күн батареясының алғашқы «тұтынушысы» ғарыш саласы болды. Басқа салалармен салыстырғанда дәл осы бағытта қалпына келетін энергия көздері қажет болды, өйткені, жерсеріктегі борттық батареялар өз қорларын тез арада жұмсап тастайтын.

Бар жоғы төрт жылдан кейін күн батареялары шексіз уақытқа ғарыштағы еңбек вахтасына орналасты.  1958 жылдың наурыз айында АҚШ бортында күн батареялары бар жерсерікті ұшырды. Екі айдан аз кезеңде, 1958 жылғы 15 мамырда, Кеңес Одағы Жердің айналасындағы эллиптикалық орбитасына бортында күн батареясы бар Спутник-3 шығарылды. Күн сәулелерімен қатар, Жер бетінен шағылысқан жарықты ұстауға қабілетті екі жақты панельдер  станция «қанаттарында» орнатылған. Батареялар кешеннің және экипаждың электр энергиясы, жылу беру қажеттіліктерін 100% қанағаттандырады. 

Күн батареялары қондырғысы басқа мақсаттарға арналған ғарыш аппараттарында да сәтті қолданылады, оның ішінде, жерсеріктер мен зондтарда, сондай-ақ, басқа планеталарда жұмыс жасауға арналған машиналарда – Марс бетімен жүруші, Ай бетінде жүруші  және басқа да зерттеу модультерінде. Осы жылы Қытайда алғаш рет орбитаға күн батареялары негізінде ғарыштық ұшқышсыз ұшақ  шығаратынын атап өтейік.

2-сурет. Ғарыш зонды

Күн энергиясы қолданылуының басқа энергиямен қамту түрлерімен салыстырғанда айқын артықшылығы бар, себебі, ғарыш аппараттарына қойылатын бірінші және басты талап – салмақтың барынша аз болуы, оның ішінде, отын қорын азайту есебінен.